Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам
Мейірім мен шапағатқа, ізгілікке және имандылыққа үндейтін Құрбан айт мейрамы биыл 16-18 маусым аралығында атап өтіледі. Мұсылмандардың екі ұлық мейрамының бірі Құрбан айтты тойлаудың әдебі, құрбандық шалудың негізгі шарттары туралы Астана қаласындағы Ырыскелді қажы атындағы мешітке бас имам Нұрлан Байжігітұлы Elorda.info тілшісінің осы және өзге де сұрақтарына жауап берді.
- Қазір Құрбан айт мерекесін жаңа жыл сияқты атап өту керек, бір-біріне сыйлық тарту етіп, жақсы көңіл-күймен қарсы алған жөн деген пікірлер жиі айтылып жүр. Алайда бұл әсіре діншілдікке әкеледі, сыйлықтар беру арқылы балаларды жастайынан соған дағдыландырып, олардың санасына біртіндеп діни мерекені сіңіріп жатыр деп санайтындар бар. Соған орай Құрбан айт мейрамының әдебі мен маңызын түсіндірсеңіз.
Құрбан айт – мұсылмандардың, ата-бабамыздың ең ұлы мейрамы. Кеңестік дәуірде бұл мейрам жасырын түрде немесе басқа атаулармен өткізіліп жүрді. Қазақ ССР энциклопедиясында жарияланған жазбада Тұрар Рысқұлов Құрбан айт мейрамын алғаш рет демалыс ретінде жариялағаны көрсетілген. Содан бері өзін мұсылман санайтын, салты мен дәстүрін дәріптейтін халқымыз жыл сайын бұл мейрамды атап өтетін болды. Құрбан айт Ораза айттан 70 күн өткен соң келетін мейрам, оны атап өтуге қатарынан 3 күн беріледі. Биылғы Құрбан айт маусым айының 16, 17, 18 күндеріне түсіп тұр. Бұл Аллаға жақындайтын күндер, яғни атқарылатын басты рәсім – құрбандыққа мал шалу. Қаражаты бар, мал шалуға жағдайы толығымен жететін немесе қолында малы бар жандарға ғана міндет. Қарыздан қарызға өтіп, күнін әрең көріп жүрген адамның «жұрттан қалыспайын» деп тағы да қарызға кіріп, құрбандық шалуы дұрыс емес. Еліміз Құрбан айтты дәл жаңа жыл мерекесіндей етіп өткізбейтін шығар, бірақ, дайындық жасайтынына қуанамын, дұрыс көремін. «Өлі риза болмай, тірі байымайды» дегенді ұстанатын халықпыз. Құрбан айттың алдыңғы бір күні Арапа күні деп аталады, аталарымыз осы күнді аруақтарға арнаған. Ел арасында мұны «Шектік» немесе «Шек беру» деп атайды. Өз басым мұны құптаймын. Тек Құрандағы «Раббың үшін намаз оқы да, құрбан шал» деген Алланың үкіміне сай, құрбандық рәсімі ресми аталған Құрбан айт күні және Құрбан айт намазынан кейін шалынуы тиіс. Бір күн бұрын шалынған мал нәпіл құрбандыққа өтеді, осы тұсты халқымыз ескерсе екен деймін. Сыйлық бергенде тұрған ештеңе жоқ тіпті, беру де керек деп санаймын. Әсіресе, құрбандық шалуға қаражаты жете бермейтін жандар дәл осы Құрбан айттың үш күнінде жақсылық жасай алады. Тұрмысы төмен немесе көпбалалы отбасыларына барсын, азық – түлік әперсін, киім-кешек алуға жәрдем берсін, ауруханадағы науқастарға барсын, көңіл-күйін сұрасын, жетімдер үйіне барсын, тәттілерге тойдырсын, қала берді қарттар үйінде көздері жәудіреген ақ шашты аналар мен аталарға барсын, ән айтып, сұхбаттасып қайтсын, сыйлықтар ала барса, тіптен жақсы. Жалпы, сыйлықты неге бермеске? Керісінше берушінің жүрегі жібиді, өмірінің мәнісін түсінеді, бары мен жоғын көреді, ақ пен қараны айырады, құрбандық шалғанның сауабына ілінеді. Құрбан айт қаралы күн емес, жаназа емес, бұл мейрам. Соған қарай мейрамды неге көңілді өткізбеске? Таң атысымен бір-бірінің үйіне айттап барып, құттықтап, көрші-қолаң, ағайын бас қосуы керек. Алла Тағалаға жүрегін бұрып, Құдайысына мал шалуды «бұл діншілдікке өту, сыйлықтармен алдау» деген қисынсыз қисық ойларға нанудың қажеті жоқ. Дін баршаны жақсылыққа шақырмаса, ешкімді жамандыққа сүйремейді.
Құрбан айт кезінде азық-түлік, мал бағасы қымбаттап кетті деп қынжылып, бірақ сонда да құрбандық шалып жатады. Осы қаншалықты дұрыс?
Азық – түлік пен мал бағасын өсіру, жалпы ниетіміз үшін бұл жақсы үрдіс емес. Әрине, бұл мәселе жыл сайын мешіт имамдарының тарапынан айтылады, алайда, кәсіпкерлердің немесе мал сатушылардың жүрегі бұған бүлк етпейді. Жақ ашсаң нарыққа сілтейді, қалтасын көрсетеді. Білесіз бе, дәл осы Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн. Яғни жүректі Аллаға бұратын күн, мейлі сол азықты өз еңбегімен тапсын, мейлі малды өзі бағып- қақсын, бірақ, осының бәрін нәсіп еткен Аллаға тайсалмай, өзінің кім екенін көрсетеді. Қымбатқа сатқаннан ешкімнің ештеңесі кетпейді. Керісінше, сол қымбат құнына қарамастан, ұсынған азықты алған, малды шалған адамға Алла екі еселеп береді. Өйткені, ол Аллаға пейілін саудалап тұрған жоқ. Онсызда жағдайы болмай тұрған адам қалтасында қалған ақшасын жұмсап, құрбандық шалуы міндетті емес.
-Құрбан шалғанын көрсетіп, әлеуметтік желіде жариялайтын азаматтар бар. Олар жұртқа көрсету арқылы басқалар бізден үлгі алсын, құрбандық шалсын деп оймен көрсетеміз дейді. Осы жайында пікіріңізді айтсаңыз.
Ешкімнің жүрегін ашып көріп «солай екен» деп нақты айта алмаймыз. Расында, жақсы ниетпен жұртқа үлгі болу шығар, бірақ қалай болған күнде де, бәріміз Алланың бақылауында, жүрегіміз үнемі тексеріс үстінде екенін ұмытпайық. Алланың алдында сұралатынымыз хақ. Мейлі сенсін, мейлі сенбесін, бұл ақиқат. Сондықтан жылына бір келетін мейрамда жасаған кішкене тірлігін әлеуметке мақтанғаннан, халық оны көкке көтермейді. «Үлгі болсын» деген ниетпен салса да, ешкім одан үлгі ала алмайды.
Құрбандыққа шалынған малдың етін діні басқа адамдарға беруге бола ма?
Әлбетте болады, дініміздің асылдығы сол, бөлінуге емес, бөлінбеуге, бөлмеуге, бірлікте, ынтымақта болуға шақырады. Яғни кез келген дін өкіліне құрметпен қарауды, дініне, ұлтына, нәсіліне қарай бөлмеуді, сыпайы қарым-қатынас жасауды насихаттаса, Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар иман барлық дін өкіліне ортақ екендігін өсиеттейді. Мысалы, қазіргі трендтен түспей жүрген «орысқұлдар мен арабқұлдар» деген атаулар, біз үшін қаншалықты дұрыс? Ал, біз кімбіз сонда, қазаққұлмыз ба? Сол сияқты, көршісінің ұлты басқа, діні басқа болса, сол үшін ол кінәлі ме? Онымен араласпай, тіл тигізіп, ұрыс – керіс жасаса, ара-қатынасты бұзса, Алланың алдындағы мұсылмандық кейпіміз, адамзат алдындағы адамшылығымыз, бабалар алдындағы қазақилығымыз қайда қалады? Қазақта көрші ақысы деген бар, көрші аш отырғанда, тойып ас ішіп, оған қараспау күнә болып саналады. Сондықтан жақсылық жасауға ең ыңғайлы адам – ол көрші, мейлі басқа ұлт пен басқа діндегі болса да.
Кімдер міндетті түрде құрбан шалуы тиіс?
Біріншіден, құрбан шалушының ақыл – есі дұрыс, балиғат жасқа жеткен, жолаушы емес, тұтқында отырмаған, басы бос мұсылман болуы керек әрі қажеттілігінен тыс нысап, байлығы қаржысы болуы керек. Яғни жеке байлығы бар, бір сөзбен айтқанда, бай-қуатты адамдарға міндет. Жағдайы орта немесе ортадан жоғары, қаражаты жетіп тұрған жандар да құрбандық шала алады яғни оларға да міндет болып табылады. Бір әулеттен бір мал шалынса да, қабыл. Ал жағдайы көтермейтіндерге бұл рәсім міндеттелмейді.
Малды құрбандыққа шалудың үкімі қандай?
Жоғарыда айтып өткенімдей «Раббың үшін намаз оқы да, құрбан шал» деген Алланың бұйрығы мұсылмандар үшін шамасы жетсе бұлтартпай орындалатын үкім. Бұдан басқа «... сондай-ақ, Алланың өздеріне ризық етіп берген малды белгілі күндерде Алланың атын атап, құрбандыққа шалсын. Сөйтіп, құрбандыққа шалынған малдың етінен өздерің де жеңдер, пақырлар мен кедейлерге де жегізіңдер» деген үкімін орындау міндет болып табылады. «Жағдайы бола тұра құрбандық мал шалмаған кісі біздің мешітімізге жақындамасын» – деп Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар ескертеді. «Құрбан шалу – Ибраһим (оған Алланың сәлемі болсын) бабамыздың салып кеткен жолы. Құрбандыққа шалған малдарыңның әр тал қылшығы үшін сауап аласыңдар» дейді. Сондықтан, құрбандықтың бір ғана жалғыз үкімі – ол Аллаға жақындау ниетімен жасалатын ұлы ғибадат. Тек, арнайы белгіленген орындарда әрі тәртібімен, таза, санитарлық талаптарды сақтай отыра шалынуы керек. Сурет, селфи, бейнеге түсіру дұрыс емес.
-Сұхбатыңызға рахмет!
-->