Әртүрлі

Қостанай станциясының бастығы қызметінен босатылды

ҚТЖ басшылығының Қостанай өңіріне жұмыс сапары кезінде Қостанай вокзалы мен оған іргелес аумақтың жай-күйі үшін Қостанай станциясының бастығы және Қостанай магистральдық желі бөлімшесі директорының вокзал шаруашылығы жөніндегі орынбасары лауазымынан босатылды. Бұл туралы Elorda.info «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

 

Аталған кемшіліктерді қысқа мерзімде жою міндеті қойылды.

-->

 

«Сондай-ақ Қостанай жүк тасымалдау бөлімшесінің директоры, Қостанай магистральдық желі бөлімшесінің директоры шаруашылықтарды тиісінше деңгейде ұстамағандары үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - делінген хабарламада.

Аталған кемшіліктерді қысқа мерзімде жою міндеті қойылды.