Қостанай облысында 1 млрд теңгеге жалған шот-фактуралар жазып берген азамат істі болды
Қаржылық мониторинг агенттігі Қостанай облысында 1 млрд теңгеге жалған шот-фактуралар жазып берген азаматқа қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
-->
«2022 жылы Қостанай облысының аумағында 1 млрд теңгеден астам сомаға 6 контрагенттің атына шот-фактуралар жазып беруді жүзеге асырған шаруа қожалығының басшысына қатысты қылмыстық іс тергелуде. Осылайша контрагенттер мемлекет бюджетіне жалпы сомасы 200 млн. астам теңге салық төлеуден жалтарған», - деп көрсетті ведомствоның баспасөз қызметі.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.