Қоғамда құрмет пен сенімді нығайту қажет – Шавкат Исмаилов
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясы өтті. ҚХА-ның қоғамдағы рөлі туралы Астанадағы қырғыз этномәдени бірлестігінің төрағасы Шавкат Исмаилов айтып берді, деп хабарлады Elorda.info.
Шавкат Исмаиловтың айтуынша, су тасқыны кезінде ҚХА белсенді түрде жұмыс атқарған.
-->Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясы өтті. ҚХА-ның қоғамдағы рөлі туралы Астанадағы қырғыз этномәдени бірлестігінің төрағасы Шавкат Исмаилов айтып берді, деп хабарлады Elorda.info.
Ақордада өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясына қатыстым. Біздің міндетіміз – қоғамдағы өзара құрмет пен сенімді нығайту. Ассамблеяның осы бағыттағы қызметі ерекше маңызға ие, - деді спикер.
Шавкат Исмаиловтың айтуынша, су тасқыны кезінде ҚХА белсенді түрде жұмыс атқарған.
Аз ғана уақыт ішінде тасқын судан зардап шеккен аймақтарға көмек ұйымдастыру үшін Ассамблеяның республикалық және аймақтық штабтары құрылды. Бүгінде «Жүректен жүрекке» атты аукымды акция жүргізіліп жатыр. Оның аясында аймақтарға 1500 тоннадан астам ең қажетті тауарлар жіберілді. Олардың қатарында азық-түлік пен тұрмысқа қажетті заттар бар. Су тасқынымен күрес жұмыстарына этномәдени бірлестіктердің 12 мыңға жуық өкілі қосылған. Олар қайырымдылық және гуманитарлық көмек жинауға атсалысты. Сонымен қоса жұртты қауіпсіз жерге көшіруге атсалысты. Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының су басқан аудандарының тұрғындарымен кездесу кезінде олар уақтылы көрсеткен көмегі үшін ҚХА мүшелеріне ризашылықтарын білдірді, - деді Шавкат Исмаилов.