Астанаға Тайландтан пошта арқылы есірткі жеткізген 4 адам ұсталды
Қаржылық мониторинг агенттігі, «Әуежай-Астана» кеден бекеті мен «DHL» курьерлік компаниясының қызметкерлері пошта сәлемдемелері арқылы аса ірі мөлшерде есірткі заттарын жеткізу фактісін бірлесіп тоқтатты, деп хабарлады Elorda.info ҚР ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Күдіктілер есірткі заттарын Тайландтан халық тұтынатын тауарлар түріндегі пошта сәлемдемелері арқылы жөнелткен.
ҚМА Астана қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері қызметтік-іздестіру итінің көмегімен «DHL» уақытша сақтау қоймасын тексеру кезінде кедендік бақылау аймағында халықаралық пошта жөнелтімдерінен 3 қорап табылды, олардың ішінде жалпы салмағы 3,5 кг каннабис сығындысы (гашиш майы) табылды.
Жедел-тергеу іс – шаралары барысында төрт күдікті анықталды, олардың тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізілді, онда салмағы 787 гр марихуана және есірткі заттарын өлшеп-орау үшін қажетті басқа да заттар табылып, тәркіленді.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
4 күдіктіге қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.
ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.
-->