ҰҚК терроризмді насихаттады деген күдікпен 4 адамды ұстады
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Түркістан облысында терроризмді насихаттады деген күдікпен Қазақстанның 4 азаматын ұстады, деп хабарлады Elorda.info.
Алдын ала деректер бойынша, күдіктілердің бірі ұзақ уақыт бойы шетелде тұрған, радикалды діни идеологияға сол жерде тартылған болуы ықтимал.
Тінту барысында діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер алынды.
-->Ұлттық қауіпсіздік комитеті Түркістан облысында терроризмді насихаттады деген күдікпен Қазақстанның 4 азаматын ұстады, деп хабарлады Elorda.info.
Алдын ала деректер бойынша, күдіктілердің бірі ұзақ уақыт бойы шетелде тұрған, радикалды діни идеологияға сол жерде тартылған болуы ықтимал.
Тінту барысында діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер алынды.
«Қылмыстық кодекстің 256-бабының 1 және 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - деді ҰҚК баспасөз қызметі.