ҰҚК психотроптық заттар өндіретін зертхананы анықтады
ҰҚК Алматы облысы бойынша департаменті психотроптық заттар өндіретін жасырын зертхананы анықтады, деп хабарлады Elorda.info.
Тінту барысында шамамен 35 кг синтетикалық есірткі, 500 литр прекурсорлар және зертхана құрал-жабдықтары алынды.
Осы қылмысты жасады деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды. Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Ұсталған адамға қатысты сот санкциясымен қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды, - деді ҰҚК баспасөз қызметі.
-->Тінту барысында шамамен 35 кг синтетикалық есірткі, 500 литр прекурсорлар және зертхана құрал-жабдықтары алынды.