Әртүрлі

Қиын-қыстау кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару айрықша маңызды-Шерзод Пулатов

Астана қаласы Өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы, ҚХА мүшесі Шерзод Пулатов Президенттің елдегі су тасқынына байланысты үндеуіне пікір білдірді, деп хабарлады Elorda.info.

-->

Астана қаласы Өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы, ҚХА мүшесі Шерзод Пулатов Президенттің елдегі су тасқынына байланысты үндеуіне пікір білдірді, деп хабарлады Elorda.info.

Ассаламу ғалейкум қымбатты достар! 

Бір ел, бір халық болып жұмылып, бұл апатты еңсереміз. Осындай сөздермен Президентіміз су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты үндеу жолдады. 

Шын мәнінде  қиын-қыстау кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару айрықша маңызды. Осындай кезде халықпен бірге болып көмектесіп жұрген құтқарушыларға, тәртіп сақшыларына, волонтерлерге және апатпен күресуге атсалысып жатқан барша жұртқа Мемлекет басшысы өз алғысның білдірді. Бізде қосылып, рақмет айтып, Аллаһ сіздерден разы болсын деп айтамыз. 

Кемшіліктер аз емес, оларды жоюға керекті тапсырмалар берілді. Өзгерістер болады деп сенеміз. Аллаһ бізге сынақ берген болса біз оны тек қана сабырлықпен өтеміз. Аман болғанымыз ең маңызды. Осыған орай Президентіміз "Жағдай өте күрделі болса да, біз қиындықты міндетті түрде еңсереміз, барлығын қалпына келтіреміз. Ең бастысы – азаматтардың амандығы" - деп айтты. 

Біздің күшіміз бірлікте, сондықтан Мемлекет басшысымызды қолдап, бір халық болып, бірлесіп, еліміздің жарқын болашағы үшін адал қызмет көрсетіп, атсалысайық ағайын!, - деді Шерзод Пулатов.