Кішкентай қыздың аузы мен қолын байлап ұрған әйел ұсталды
Алматы облысында кішкентай қыздың аузы мен қолын байлап әкеткен әйел ұсталды, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Тексеру барысында полиция қызметкерлері 23 жастағы әйелді анықтады. Ол Жамбыл облысының ауылдарының бірінде ұсталып, уақытша ұстау үшін арнайы полиция бөлімшесіне орналастырылды.
Бұған қатысты Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева пікір білдірді.
Еске сала кетейік, осыдан бірнеге күн бұрын әлеуметтік желіде кішкентай қыздың аузы мен қолын байлап, иесіз үйге апарып, ұрған әйелдің видеосы тараған болатын.
-->Тексеру барысында полиция қызметкерлері 23 жастағы әйелді анықтады. Ол Жамбыл облысының ауылдарының бірінде ұсталып, уақытша ұстау үшін арнайы полиция бөлімшесіне орналастырылды.
ҚР ҚК 126-бабының 2-бөлігі 5-тармағы (Көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты; бас бостандығынан заңсыз айыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта күдіктінің қатысуымен қажетті тергеу әрекеттері жүргізілді, - деп жазылған хабарламада.
Бұған қатысты Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева пікір білдірді.
Видеодағы әйел көршісі болып шықты. Қыздың анасы көрші әйел баланы қараусыз қалған ғимараттың аумағына апарып, алақанымен бетінен ұрғанын айтты. Бұл туралы анасына айтып барсын деген. Анасының сөзінше, бұның себебі олардың ақшалай қарызы болуы мүмкін.Баламен мектеп психологы жұмыс істейтін болады, - деп жазды Динара Закиева әлеуметтік желідегі парақшасында.
Еске сала кетейік, осыдан бірнеге күн бұрын әлеуметтік желіде кішкентай қыздың аузы мен қолын байлап, иесіз үйге апарып, ұрған әйелдің видеосы тараған болатын.