Әртүрлі

«Кино түсіруге моральдық құқығы жоқ». Ахметбек Нұрсила Бадықованың фильмін сынады

1. Бас кейіпкер бір жерге кірсе бірдеме ұрламай шықпайтын сумақай, оны жаман қылық деп қабылдамайды, әшейін қылжақ қылады. 

2. Бас кейіпкер бір ішкіш, дөрекі, боқтампаз қазақтың қызына үйленеді. Тойға қатысқандар бәрі арақты суша сіміріп, жынданып жүр. Бас кейіпкерге бұл да кешірімді деген ұғым қалыптастырады.

3. Бас кейіпкер қымызға су, арақ қосып сатады, оны болашақ жұбайы көріп отырып, біліп отырып кафеге өткізеді. Оған еш жеркенбейді.

4. Фильм бастан аяқ анайы, былапыт, боқтыққа толы. Ол да қалыпты жағдай деп қабылданып, залдағы жастар мәз мәйрем болып күліп отыр, еш намыстанбайды.

5. Қыз жігітті мотоциклге салып алып қашады. Бұл да «күлкілі» жағымды дүние болып көрсетіледі. (Махаббатың үшін күрес) 

6. Осындай ұры, өз пікірі жоқ, алаяқ (Қымызға су, арақ құйып сататын) жігітті «Таптым ау сені» деп ғашық болып, алып қашып өзі үйленеді.

Бұған қоса ол «Таптым ау сені- 2» түсіруге қарсы екенін білдірген. 

-->

«Таптым ау сені» деген фильм егер тереңірек қарасаңыз «Қазақ деген халықты аздыруға біреу арнайы тапсырыс беріп түсірген бе?»  деген ойға да қаласыз. Әрине олай емес, мақсаттары тек ақша табу ғой», - деді ол Facebook әлеуметтік парақшасында. Сонымен қатар Ахметбек Нұрсила кинодағы жағымсыз деген жағдайларды тізіп шыққан.  

1. Бас кейіпкер бір жерге кірсе бірдеме ұрламай шықпайтын сумақай, оны жаман қылық деп қабылдамайды, әшейін қылжақ қылады. 

2. Бас кейіпкер бір ішкіш, дөрекі, боқтампаз қазақтың қызына үйленеді. Тойға қатысқандар бәрі арақты суша сіміріп, жынданып жүр. Бас кейіпкерге бұл да кешірімді деген ұғым қалыптастырады.

3. Бас кейіпкер қымызға су, арақ қосып сатады, оны болашақ жұбайы көріп отырып, біліп отырып кафеге өткізеді. Оған еш жеркенбейді.

4. Фильм бастан аяқ анайы, былапыт, боқтыққа толы. Ол да қалыпты жағдай деп қабылданып, залдағы жастар мәз мәйрем болып күліп отыр, еш намыстанбайды.

5. Қыз жігітті мотоциклге салып алып қашады. Бұл да «күлкілі» жағымды дүние болып көрсетіледі. (Махаббатың үшін күрес) 

6. Осындай ұры, өз пікірі жоқ, алаяқ (Қымызға су, арақ құйып сататын) жігітті «Таптым ау сені» деп ғашық болып, алып қашып өзі үйленеді.

Осы кино қазақ жастарына қандай тәрбие береді? Ми нені көп көрсе, естісе соны автоматты түрде қабылдайды, программаланады. Бір кезде Бригада деген кино шыққанда дәл сол сияқты банды топтар жинаған жастап қаптап кетіп еді. Бұндай қазақты аздыратын, қоғамды бүлдіретін дүниелерді парламентте көтеріп, тиым салдыру қажет! Елімізді  қоқыс төгетін алаңға айналдырып барады мына «Шегірткелер». Cұхбаттарында мен жайлы айтыпты деген соң шолып шықтым. Екі сөзінің бірі орысша, жаргон. Сөйлеу мәдениеті, өзін ұстау мәдениеті өте төмен жандар миллиондарға кино түсіріп, улауға моралдық құқықтары жоқ», - деді ол.  

Бұған қоса ол «Таптым ау сені- 2» түсіруге қарсы екенін білдірген. 

«Ел болып, жұрт болып Қазақ елінің жастарының санасын былай улай беруінен сақтануымыз керек. Депутат мырзалар!  Осы мәселе жөнінде не айтасыздар? Заң шығарып, шара қолдануға бола ма?», - деп жазды кәсіпкер.