Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру байқауы басталды
Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Бірыңғай грант операторы 2025 жылға арналған үкіметтік емес ұйымдарға грант беру байқауын жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Байқаудың мақсаты – азаматтық бастамаларды қолдау және азаматтық қоғам институттарын әлеуметтік саладағы өзекті мәселелерді шешуге тарту.
Байқау аясында ҮЕҰ бірнеше басым бағыттар бойынша жобаларды ұсына алады:
- Инклюзивті қоғамды дамыту;
- Ауылдағы азаматтық бастамаларды дамыту;
- Азаматтардың құқықтарын қорғау және қоғамдағы құқықтық мәдениетті арттыру жөніндегі шаралар мен іс-шараларды ұйымдастыру;
- Төтенше жағдайлардағы және ТЖ салдарын жоюдағы волонтерлікті дамыту;
- «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық волонтерлікті дамыту;
- Медицина саласындағы волонтерлікті дамыту;
- Тарих және мәдениет саласындағы волонтерлікті дамыту;
- Әлеуметтік волонтерлікті дамыту;
- Зооволонтерлікті дамыту.
Толық ақпарат пен құжаттаманы cisc.kz сайтынан қарауға болады.