Әртүрлі

Үкіметте еліміздегі табиғатты қорғау қызметін жандандыру шаралары қаралды

Үкімет отырысы барысында Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабына енген ителгіні жойылып кетуден қорғау мәселесіне ерекше назар аударылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бұл – Қазақстандағы сұңқар тұқымдастарының ішіндегі ең ірісі. Қазіргі уақытта оған жойылып кету қаупі төніп тұр. Премьер-министр Экология және табиғи ресурстар министрлігіне Ғылым және жоғары білім, Қаржы министрліктерімен бірлесіп, ителгінің өзекті санын анықтап, оны қайта жерсіндірудің тиімділігін бағалауды тапсырды. 

Сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау қызметін күшейту қажеттігі атап өтілді.

«Жалпы, Қазақстанда табиғатты қорғау қызметін жандандыру қажет екенін атап өткім келеді. Біз флора мен фаунаны қорғап-күту мәдениетін қалыптастырып, экологиялық мәселелерді бірлескен күш-жігермен шешу арқылы еліміздің бірегей табиғатын сақтауымыз қажет», — деді Премьер-министр.