Әртүрлі

Үкіметте электр энергетикасы саласын дамыту мәселелері қаралды

Үкіметте электр энергетикасы саласын дамыту мәселелері қаралды, деп хабарлады Elorda.info.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесі штаттық режимде жұмыс істейтінін баяндады. Бүгінгі таңда елімізде 220 электр станциясы жұмыс істейді, оның ішінде жалпы қуаты 2,8 ГВт болатын 144 ЖЭК объектісі бар. Осы жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жалпы қолда бар қуаттың көлемі 20,4 ГВт, осы күзгі-қысқы кезеңде тұтыну максимумы 16,6 ГВт құрады.

2023 жылы электр энергиясын тұтыну көлемі 115 млрд кВт/сағ. (2022 жылы – 112,9 млрд кВт/сағ.) болды. Электр энергиясын өндіру 112,8 млрд кВт/сағ., көршілес елдерден электр энергиясын импорттау 3,4 млрд кВт/сағ., экспорт 1,4 млрд кВт/сағ. құрады.

Премьер-министрдің айтуынша, электр энергетикасы – ел экономикасының «тамырына қан жүгіртіп», тұрақты дамуға негіз болатын бірегей сала.

Үкімет басшысының айтуынша, нағыз аяз кезінде ҚР энергетикалық жүйесінің дисбалансы ірі өнеркәсіп кәсіпорындары үшін электр энергиясының тапшылығы мен тоқтауына әкеп соқтырады. Болжам бойынша Қазақстанда энергия тұтыну көлемі тұрақты өсе беретін болады. Сондықтан қазіргі кезде еліміздегі энергия балансын сақтау үшін батыс өңірлердің газ қуаттарын тарту жұмыстары жүргізілуде.

Үкімет басшысының айтуынша, 2030 жылға қарай жаңартылатын энергия көздерінің 15% үлесіне қол жеткізу мақсатында Total Energies, Acwa Power және Masdar сияқты стратегиялық инвесторлармен ірі жобалар іске асырылатын болады.

Оған қоса Үкімет басшысы 2020 жылы Гидроэнергетиканы дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары қабылданғанын айтты. Алайда өткен жылдары экологиялық күн тәртібі өзгерді, су ресурстарының тапшылығы арта түсуде. Осыған байланысты Премьер-министр наурыз айының соңына дейін 2030 жылға дейінгі жаңа жоспарды қабылдауды тапсырды.

-->

Мемлекет басшысы өз Жолдауында кемінде 14 ГВт көлемінде қосымша қуат көздерін іске қосуды тапсырды. Жалпы ішкі өнімді 2 есеге дейін өсіру үшін бізге осындай көлемде энергия қуаты қажет. Ол үшін энергетика саласы тез дамуы тиіс, — деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысының айтуынша, нағыз аяз кезінде ҚР энергетикалық жүйесінің дисбалансы ірі өнеркәсіп кәсіпорындары үшін электр энергиясының тапшылығы мен тоқтауына әкеп соқтырады. Болжам бойынша Қазақстанда энергия тұтыну көлемі тұрақты өсе беретін болады. Сондықтан қазіргі кезде еліміздегі энергия балансын сақтау үшін батыс өңірлердің газ қуаттарын тарту жұмыстары жүргізілуде.

Солтүстік және Оңтүстік аймақтарда генерациялау көлемін ұлғайтуға басымдық берілді. Атап айтқанда, биыл Екібастұз ГРЭС-1-де 1-ші энергия блогын қалпына келтіру жобасын аяқтау жоспарланып отыр. Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында жаңадан Жылу электр орталықтарын салу мәселесі пысықталуда. Оңтүстік өңірлерде газ генерациялау жобалары іске асырылуда, — деді Премьер-министр. 

Үкімет басшысының айтуынша, 2030 жылға қарай жаңартылатын энергия көздерінің 15% үлесіне қол жеткізу мақсатында Total Energies, Acwa Power және Masdar сияқты стратегиялық инвесторлармен ірі жобалар іске асырылатын болады.

Жалпы 2035 жылға дейін Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесіне шамамен 26 ГВт базалық және маневрлік генерацияны іске қосу жоспарланып отыр. Қабылданып жатқан шаралар электр энергиясының тапшылығын жоюға және 2030 жылға қарай оның резервін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, — деді Әлихан Смайылов. 