Үкімет Тараз өңірлік университетін екіге бөлетін болды
Қазақстанда бұған дейін құлаққағыс етілген Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті қалай құрылатыны белгілі болды. Ол Дулати атындағы Тараз өңірлік университетін екіге бөлу арқылы жүзеге асады, деп хабарлады Elorda.info.
Бұл туралы Ашық НҚА порталындағы Үкімет қаулысының жобасынан анық болды.
Еске салайық, Қазақстанда гидротехник мамандарды Су шаруашылығы және табиғатты пайдалану институты базасында тек М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті ғана дайындайды. Бұл университет бұрын Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтыдеп аталған. Жаңа Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті қазіргі Су шаруашылығы және табиғатты пайдалану институты базасында құрылады.
-->Бұл туралы Ашық НҚА порталындағы Үкімет қаулысының жобасынан анық болды.
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті" КЕАҚ жарғылық капиталдарына мемлекет жүз пайыз қатысатын "М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті" КЕАҚ және "Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті" КЕАҚ бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын, – делінген Үкімет қаулысының жобасында.