Әртүрлі

Үкімет көктемгі су тасқынының алдын алуға дайын ба?

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ел өңірлерінің алдағы су тасқыны кезеңіне дайындығы қаралды, Elorda.info. 

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық басталғанын жеткізді. Мәселен, су тасқыны жағдайының ықтимал асқынуларына жедел ден қою мақсатында азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің күштері мен құралдарының арнайы топтары құрылды. Оның құрамында 39 мыңнан астам адам, 11 мыңға жуық техника, 500-ден астам жүзу құралдары және 3 мыңнан астам мотопомпалар бар.

Мәселен, қазірдің өзінде Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында елді-мекендерді су басып, жолдарды шайып кеткен фактілер кездесіп отыр. Сонымен қатар желтоқсан айының ортасында Алматыда Есентай өзені де арнасынан асып кетті. Су деңгейі 1,5 метрге көтерілді.

Қазгидрометтің болжамы бойынша биылғы қаңтар-ақпан айларында еліміздің барлық өңірлерінде ауа температурасы мен жауын-шашын мөлшері нормадан жоғары болады деп күтіліп отыр. 

Премьер-Министр өткен жылы еліміздің оңтүстік өңірлерінде орын алған су тасқынына елді-мекендердің айналасында су бұру каналдарының, арықтардың, бөгеттердің жоқтығы себеп болғанын еске салды. Сондықтан қазірдің өзінде оңтүстік және батыс аймақтар жоғары дайындық режиміне өтуі керек.

-->

Бүгінде еліміздің шамамен 90% аумағын қар басып жатыр. Мұның барлығы су тасқыны қаупін арттыра түседі, — деді Әлихан Смайылов.

Мәселен, қазірдің өзінде Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында елді-мекендерді су басып, жолдарды шайып кеткен фактілер кездесіп отыр. Сонымен қатар желтоқсан айының ортасында Алматыда Есентай өзені де арнасынан асып кетті. Су деңгейі 1,5 метрге көтерілді.

Мұндай жағдайлар қыс ортасында, алдағы су тасқыны кезеңіне дейін орын алып отыр. Сондықтан, өңір әкімдіктері аталған мәселелерге арнайы назар аударып, осы бағыттағы жұмыстарды күшейтуі керек, — деді Премьер-Министр.

Қазгидрометтің болжамы бойынша биылғы қаңтар-ақпан айларында еліміздің барлық өңірлерінде ауа температурасы мен жауын-шашын мөлшері нормадан жоғары болады деп күтіліп отыр. 

Бұған дайын болу керек. Су ресурстары министрлігі осы бастан су қоймаларын толтыру көлемін анықтап, оны тұрақты түрде бақылап отыруы қажет. Көршілес мемлекеттермен су шығыны және трансшекаралық өзендердегі қауіп туралы үзбей ақпарат алмасу керек. Қажет болған жағдайда, су қоймаларынан суды алдын-ала және қауіпсіз жіберу жөнінде шаралар қабылдануы тиіс, — деді Әлихан Смайылов.