Әртүрлі

«Кешіреміз»: Жедел жәрдем жүргізушісі өзін ұрған адамды сотқа бермейтінін айтты

«Кешіреміз»: Жедел жәрдем жүргізушісі өзін ұрған адамды сотқа бермейтінін айтты

Жедел жәрдем жүргізушісі Төреғали Берікқалиұлы TikTok желісіндегі парақшасы арқылы өзін соққыға жыққан адамды кешіргенін жеткізді.

Сонымен қатар ол қазір жағдайының жақсы екенін және екінші рет ота жасалатынын айтқан. 

Естеріңізге саламыз, бұған дейін жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан адамның кешірім сұраған видеосы әлеуметтік желіде жарияланған болатын. 

-->

Жедел жәрдем жүргізушісі Төреғали Берікқалиұлы TikTok желісіндегі парақшасы арқылы өзін соққыға жыққан адамды кешіргенін жеткізді.

«Мен жедел жәрдем жүргізушісінен бөлек, негізі актер адаммын. «Бір таяқ жеп алды, хайп ұстап кетті» деп қате ойламаңдар. Аллаға шүкір, мен осы дәрежеге еңбекпен, маңдай термен жетіп келе жатқан адаммын. Ондай-ондай болып қалды енді. Дұрыс жағынан түсінейік, соттатып одан ешқандай пайда көрейін деп жатқан жоқпын. Одан мен ешқандай рахат алмаймын. Оны дұрыс жағынан түсінейік. Мен сендерге бір-ақ сөзбен айтайын, Алла бәрін кешіреді. Сен қандай да бір қателік жасама, Алла кешіреді. Алланың қасында мен жай ғана құлмын. Сондықтан біз де кешіреміз. Дұрыс жағынан түсінейік. «Мен оны кешірмеймін, мен оны соттатамын, отырғызамын, бүйтем-сүйтем» деген дүние айтқан да жоқпын», - деді ол. 