Кедейшілікке тап болғандардың саны бір миллионға жуықтап қалды – депутат
Бүгін Мәжіліс депутаты, AMANAT партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев фракция депутаттары қысқы сапар барысында сайлаушылардан келіп түскен 1,5 мыңға жуық талап-тілекті Үкіметке жолдағанын, алайда халықты толғандырған мәселелер әлі де нақты шешімін таппай отырғанын айтып, Үкімет жұмысын сынға алды, деп хабарлады Elorda.info.
Халық қалаулысының айтуынша, Үкіметтен мыңнан астам сұрақтың басым бөлігіне сырғытпа жауаптар мен формальды ұсыныстар келген.
Депутаттың пікірінше, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету проблемасы да шешімін таппауда. Қазір осы санатта кезекте тұрғандар саны – 640 мың адам болса, жақын арада бұл көрсеткіш 1 миллионнан асуы мүмкін.
-->Бүгін Мәжіліс депутаты, AMANAT партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев фракция депутаттары қысқы сапар барысында сайлаушылардан келіп түскен 1,5 мыңға жуық талап-тілекті Үкіметке жолдағанын, алайда халықты толғандырған мәселелер әлі де нақты шешімін таппай отырғанын айтып, Үкімет жұмысын сынға алды, деп хабарлады Elorda.info.
Халық қалаулысының айтуынша, Үкіметтен мыңнан астам сұрақтың басым бөлігіне сырғытпа жауаптар мен формальды ұсыныстар келген.
«Бірінші кезекте халықты бағаның өсуі, табыстың төмендігі проблемасы қатты алаңдатады. Ел тұрғындарының тапқан табысының тең жартысы азық-түлікке жұмсалып, кедейшілікке тап болғандардың саны бір миллионға жуықтап қалды. Жұмыссыздық мәселесі де халықты ерекше алаңдатып отыр. Министрлік жылына 950 мыңнан астам азаматты жұмыспен қамтыдық дейді. Расында, ашылған жұмыс орындарының басым бөлігі уақытша, табысы аз салаларда. Тұрақты жұмыс орындарын ашу ісі мардымсыз ұйымдастырылуда», – деді ол.
Депутаттың пікірінше, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету проблемасы да шешімін таппауда. Қазір осы санатта кезекте тұрғандар саны – 640 мың адам болса, жақын арада бұл көрсеткіш 1 миллионнан асуы мүмкін.
«Алматының іргесіндегі саяжайларда 100 мың, Астанада 50 мың, Алматы облысындағы саяжайларда 250 мың адам тұрады. Еліміз бойынша дачалық массивтерде шамамен 700 мыңнан астам адам саяжайды баспана етіп отыр. Бұл ертелі-кеш шешімін табуы тиіс маңызды мәселе. Өйткені саяжайдың көбі тұрақты тұратын баспана мен ірі-ірі ықшам аудандарға айналған. Ал Үкімет осы мәселе бойынша нақты шешімдер қабылдар емес», – деді ол.