«Қазгидромет» сел қаупіне мониторинг жүргізе бастады
Мамырдан қыркүйекке дейін созылатын сел қауіптілігінің күшеюі кезеңінде «Қазгидромет» РМК таулы аумақтарда жауын-шашыннан болатын сел қаупіне мониторинг жүргізеді, деп хабарлады Elorda.info.
-->
Күн сайын консультациялар, болжамдар және дауылды ескертулер қоса жүретін сел қаупі туралы бюллетень шығарылады. Ақпарат әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік уәкілетті органдарға және халыққа таратылымдар мен интернет-портал арқылы беріледі. Барлық деректер «Қазгидромет» РМК сайтында қолжетімді, - деді «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова ОКҚ алаңында өткен брифингте.