Әртүрлі

«Қазаныңыз оттан түспесін»: Қонақ күткен Мақпал Жүнісоваға көпшілік сүйсінді

Халық әртісі Мақпал Жүнісова қалада тұрғанына қарамастан, ауласында қазан көтеріп, ет асып жұртты таңғалдырды, деп хабарлады Elorda.info.

Өнер иесі қонақ күткен сәтін Instagram-дағы парақшасында көрсетті. Видеода әнші ауласында қазанда ет асып жатқанын көруге болады.

Халық әртісінің далада қазан құрып, қонақтарына сый-құрмет жасап жатқанын көрген желі қолданушылары ризашылықтарын білдіріп жатыр. 

-->

Өнер иесі қонақ күткен сәтін Instagram-дағы парақшасында көрсетті. Видеода әнші ауласында қазанда ет асып жатқанын көруге болады.

«Біздің үйге құдайы қонақтар келіп жатыр. Қарағандыдан үлкен әпшем келіп, қызы оқу бітіріп, сол кісілерге кіші қазаныма ет асып, нанын салып, құрмет қылайын деп жатырмын. Үйіме кіргізе алмай отырмын. Астан-кестені шығып жатыр. Шымкентте оқып бітіргесін, көбіне «әпше, өлә» деп айта беремін. «Қасқа» деп оралдықтармен көп араласқасын әлі айтып қаламын, айып етпеңіздер. Өмірімде аспаз жалдап, қонақ шақырып көрмеппін. Өзімнің үлкен әпкем тамақты керемет дайындайды. Сол кісіге сенемін. Бүгін қазан-ошақтың басында өзім жүрмін», – деп күлді әнші. 

Халық әртісінің далада қазан құрып, қонақтарына сый-құрмет жасап жатқанын көрген желі қолданушылары ризашылықтарын білдіріп жатыр. 

«Жер ошаққа піскен еттің иісі мұрынға келді», «Аңыз адамға аспаз болған да жарасады екен», «Әпкеңіз екеулеріңіз қатты ұқсайды екенсіздер», «Қазаныңыз оттан түспесін, құда келсін енді шаңырағыңызға», «Нағыз қазақи келіншек болып жүрсіз», – деп жазып жатыр оқырман қауым.