Қазақстанға бидай импортына салынған тыйым мерзімі ұзартылды
Елімізге 12 сәуірден бастап 6 ай мерзімге бидай жеткізуге уақытша тыйым салынды, деп хабарлады Elorda.info.
Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 11 сәуірдегі №125 бұйрығымен бидайды Қазақстан Республикасына, оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден тек қана өндіріс пен тұтыну үшін құс шаруашылығы және ұн тарту кәсіпорындарының атына темір жол көлігімен жеткізуді қоспағанда, автомобиль, су және темір жол көлігімен әкелуге тыйым салу белгіленді.
Әкелінген бидай ішкі және сыртқы нарықтарда сатуға жатпайды.
-->Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 11 сәуірдегі №125 бұйрығымен бидайды Қазақстан Республикасына, оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден тек қана өндіріс пен тұтыну үшін құс шаруашылығы және ұн тарту кәсіпорындарының атына темір жол көлігімен жеткізуді қоспағанда, автомобиль, су және темір жол көлігімен әкелуге тыйым салу белгіленді.
Тыйым Қазақстан аумағы арқылы бидайды темір жол көлігімен транзиттік тасымалдауға және ұн тарту мен құс шаруашылығы кәсіпорындарына бидайды әкелуге қолданылмайды, - деді Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Әкелінген бидай ішкі және сыртқы нарықтарда сатуға жатпайды.