Әртүрлі

Қазақстанда су үнемдеу жүйелерін орнату шығындарын субсидиялау мөлшері артты

Елімізде шаруаларға су үнемдейтін жүйелерді сатып алу және орнату үшін берілетін субсидия мөлшері бірден 30%-ға ұлғайтылды. Атап айтқанда, субсидияның мөлшері 50%-дан 80%-ға дейін жетті. Бұл заманауи суару жүйелерін сатып алу, сондай-ақ барлық қажетті инфрақұрылымды қамтамасыз ету шығындарын өтеуге мүмкіндік береді, деп хабарлады Elorda.info Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.

Су ресурстары және ирригация министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен субсидия көлемін ұлғайту бойынша бірлесе жұмыс атқарды.

Айта кету керек, ауыл шаруашылығы - еліміздегі су қорын ең көп тұтынатын сала. Ел аумағында жинақталатын жалпы су қорының 60%-ы немесе тәулігіне 40 мың тоннадан астам су ауыл шаруашылығы қажеттіліктері үшін жұмсалады.

Министрлік осыған дейін де шаруаларды суды үнемдеуге және оны тиімді пайдалануға ынталандыру үшін бірқатар іс-шаралар қабылдады. Атап айтқанда, жаңа Су кодексінде су үнемдеу технологияларын енгізу дәрежесіне қарай субсидия және су беру қызметтері үшін төмендетілген тарифтер түріндегі мемлекеттік қолдау іс-шаралары көзделген. Сондай-ақ, суармалы су тарифін өсірілетін дақылдардың түріне және олар тұтынатын су көлеміне қарай есептеу ұсынылып отыр. Бұдан бөлек, елімізде ұңғымаларды бұрғылау шығындарын субсидиялау көлемі де 80%-ға дейін ұлғайтылды.

-->

«Субсидия көлемін ұлғайту Үкімет тапарынан шаруалар үшін жасалған үлкен қолдау әрі жақсы мүмкіндік. Біздің министрлік еліміз бойынша суды тиімді пайдалану технологияларын қарқынды енгізуді жоспарлап отыр. Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру үшін 2030 жылдың соңына дейін кезеңдік жоспар жасалып, әр өңірге су үнемдеу жүйелері орнатылған егіс алқаптарын ұлғайту бойынша нақты индикаторлар берілді. Осылайша, 2030 жылдың соңына қарай республикадағы суармалы жерлердің жалпы көлемінің 50%-дан астамын су үнемдеу технологияларымен қамту арқылы жылына 2,1 текше шақырымға дейін су үнемдеу жоспарланып отыр»,- деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.