Қазақстан туристік бағыттар тізімінде 52-орынды иеленді
Туризм саласындағы жаңа бастамалар: ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Ақмола облысының бизнес-қауымдастығымен кездесті, деп хабарлады Elorda.info.
Бурабай ауданындағы «Discovery Borovoe» қонақ үйінде ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Ақмола облысының бизнес-қоғамдастығымен кездесу өткізіп, жазғы туристік маусымға дайындығын талқылады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Жуырда Дүниежүзілік экономикалық форумның Саяхат және туризмді дамыту бойынша жарияланған рейтингінде Қазақстан туристік бағыттар тізімінде 119 ел арасынан 52-орынды иеленді. Қазақстан Әзербайжан (56), Өзбекстан (78), Қырғызстан (102) сияқты елдерді басып озып, Орталық Азиядағы ең жоғары көрсеткішке ие болды.
Аймақтағы тағы бір маңызды бағыттың бірі – ауыл тұрғындарын жұмыспен қамти отыра, агротуризм саласын дамыту. Сонымен қатар Туризм және спорт министрі Ақмола облысында туризмнің барлық саласы дамып келе жатқанын, оның ішінде өңір емдеу-сауықтыру, рекреациялық және табиғи-ландшафтық туризм орталығына айналғанын атап өтті. Азаматтар мен туристер арасында қауіпсіздікті сақтау да өте маңызды дүние.
-->Бурабай ауданындағы «Discovery Borovoe» қонақ үйінде ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Ақмола облысының бизнес-қоғамдастығымен кездесу өткізіп, жазғы туристік маусымға дайындығын талқылады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Жуырда Дүниежүзілік экономикалық форумның Саяхат және туризмді дамыту бойынша жарияланған рейтингінде Қазақстан туристік бағыттар тізімінде 119 ел арасынан 52-орынды иеленді. Қазақстан Әзербайжан (56), Өзбекстан (78), Қырғызстан (102) сияқты елдерді басып озып, Орталық Азиядағы ең жоғары көрсеткішке ие болды.
Қаржыландырылған жобалардың нәтижесін қарайтын болсақ, дұрыс бағытта келе жатқанымызға көз жеткізуге болады. Бұл шаралар өңірдің одан әрі өсіп-өркендеуіне оң әсер ететініне сенімдін, - деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.