Әртүрлі

Қазақстан мен Түркиядағы мерекелер экологиялық акциямен аталып өтті

Қазақстанның Анталиядағы Бас консулдығының бастамасымен Қазақстан халқының бірлігі күні және Түркияның Еңбек және ынтымақ күні қалалық жағажайларды қоқыстан тазарту бойынша экологиялық акция өткізілді, деп хабарлады Elorda.info.

Іс-шара Анталия муниципалитетінің және Қазақстан іскер адамдар қауымдастығының қолдауымен ұйымдастырылды.

Акцияға отандастар, оның ішінде қазақстандық студенттер, сондай-ақ Түркия азаматтары мен Орталық Азия мен Кавказ елдері қауымдастықтарының өкілдері қатысты.

Жобаның мақсаты – дүниежүзіндегі табиғатқа қамқорлық пен экологиялық мәселелерді шешудің маңыздылығына назар аудару.

Іс-шараға қатысушыларға арналған алғысөзінде Қазақстанның Анталиядағы Бас консулы Қуат Қанафеев Қазақстан экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне үлкен мән беретінін атап өтті.

Ол еліміз ТМҰ, ШЫҰ, АӨСШК, ХАҚҚ төрағасы ретінде қоршаған ортаны қорғау бойынша практикалық шараларды қабылдауға ықпал етіп жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар, Қ.Қанафеев ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын өткізу туралы бастамасына назар аударды.

Қалалық жағажайларда сенбілік ұйымдастыру бастамасы Анталия тұрғындарының ыстық ықыласына бөленді. Олар жыл сайын экологиялық науқанды өткізуге дайын екендігін білдірді.

-->