Қазақстан алғаш рет бадминтоннан Олимпиада лицензиясын алды
Бадминтоннан Ұлттық құрама спортшысы Дмитрий Панарин Париж Олимпиадасының жолдамасына иелік етті, деп хабарлады Elorda.info.
ҚР Спортты дамыту дирекциясы мәлім еткендей, Дмитрий олимпиадалық рейтингте 25 005 ұпаймен 31-орынға тұрақтады. Сондай-ақ Қазақстан командалық есепте алғашқы 25 елдің қатарына кірді.
Қазақстандық спортшы бадминтоннан барлық санаттағы олимпия ойындарында сынға түскен тұңғыш қазақстандық болмақ. Ол осыған дейін 2018 жылы Аргентина астанасы Буэнос-Айресте өткен жасөспірімдер Олимпиадасында сынға түскен. Ендігі кезек ересектер арасындағы басты бәсекеге келді.
Айта кетейік, қазір Қазақстан делегациясында 13 спорт түрінен 33 лицензия (31 спортшы) бар.
-->ҚР Спортты дамыту дирекциясы мәлім еткендей, Дмитрий олимпиадалық рейтингте 25 005 ұпаймен 31-орынға тұрақтады. Сондай-ақ Қазақстан командалық есепте алғашқы 25 елдің қатарына кірді.