Қазақ тілі орфографиясының ғылыми негізделген нұсқасы әзірленеді
Қазақстанда қазақ тілі орфографиясының ғылыми негізделген нұсқасын әзірлеу мақсатында Республикалық орфография комиссиясын құру жоспарланып отыр. Бұл туралы қоғамдық талқыға ұсынылған Үкімет қаулысының жобасынан белгілі болды, деп хабарлады Elorda.info.
Республикалық орфография комиссиясын құруға Ғылым және жоғары білім министрлігі жауапты болады. Комиссия құрамына мүдделі мемлекеттік орган өкілдері мен ғалымдар кіреді.
-->Республикалық орфография комиссиясын құруға Ғылым және жоғары білім министрлігі жауапты болады. Комиссия құрамына мүдделі мемлекеттік орган өкілдері мен ғалымдар кіреді.
«Қазіргі кезеңде қазақ тілінің орфографиясын жүйелеу - аса маңызды мәселе. Қазақ тілінің орфографиясын ғылыми негізделген нұсқада әзірлеу және бекіту үшін арнайы орфографиялық комиссияны құру қажет. Бұл міндет Үкіметтің №914 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында көзделген», – делінген құжат жобасының түсіндірме жазбасында.