Қазақ-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері жабылады
Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері 4 сәуірде жұмыс істемейді, деп хабарлады Elorda.info.
Қытайдағы «Цинмин» мерекесіне байланысты шекарадағы өткізу пунктерінен азаматтарды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу уақытша тоқтатылады.
Ал екі ел арасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастыра береді.
-->Қытайдағы «Цинмин» мерекесіне байланысты шекарадағы өткізу пунктерінен азаматтарды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу уақытша тоқтатылады.
Ал екі ел арасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастыра береді.
Тасымалдаушылар және барлық шекараны кесіп өтетін азаматтар енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет, - деді Мемлекеттік кірістер комитеті.