Катонқарағай ұлттық паркінде қар барысы фототұзаққа түсіп қалды
Катонқарағай ұлттық табиғи паркінің Аршаты орманшылығында қар барысы фототұзаққа түсті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Фототұзақты орманшы Жомарт Аманбаев орнатқан.

Нәтижесінде Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген қар барысы (Panthera uncia) бейнеленген бірегей кадрлар алынды.
«Бұл дерек табиғатты қорғау бағытында қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін көрсететін маңызды дәлел болып табылады. Жабайы жануарларды бақылау жұмыстары жалғасуда»,- деп жазды Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті.