Әртүрлі

Қасым-Жомарт Тоқаев дөңгелек шығаратын кәсіпорынға барды

Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Саран қаласындағы көлік дөңгелектерін шығаратын KamaTyresKZ зауытын аралап көрді, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президентке кәсіпорынның өндіріс циклы мен даму перспективасы таныстырылды.

Мемлекет басшысына «Татнефть» ЖАҚ Бас директоры Наиль Маганов пен KamaTyresKZ зауытының директоры Радий Бурганов құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, технологиялық құрал-жабдықтар толықтай жеткізілгенін айтты. 234 миллиард теңге көлемінде инвестиция салынған зауытта өнімнің сериялық өндірісі басталды. Өткен айда KamaTyresKZ 30 мың дөңгелек шығарған. Зауыт алғашқы жылы өнім көлемін 1 миллионға дейін жеткізе алады.

Президентке дөңгелек құрастыратын цехтар мен өндіріс желілері таныстырылды. Зауыттың құрал-жабдығы Латвия, Италия, Португалия, Жапониядан және тағы да басқа елдерден әкелінген. Жалпы кәсіпорында 800-ге жуық технологиялық құрылғы орнатылған.

3ауыт 2027 жылға қарай 3,5 миллион дөңгелек шығарады деп жоспарланып отыр. Қазіргі кезде кәсіпорында 590 жұмысшы еңбек етіп жатыр. Келешекте қызметкерлер саны 1125 адамға дейін көбейеді. Өндіріс жұмысшылары «Татнефть» компаниялар тобының дөңгелек шығаратын кәсіпорындарында оқу-тәжірибеден өткен.

Зауыт өнімі Attar брендімен танылады және халықаралық стандарттарға сай сертификат иеленген. Отандық дөңгелектер шілде айынан Қазақстан мен шет мемлекеттердің нарығында сатыла бастады. Биыл елімізде құрастырылатын JAC маркалы автомобильдер конвейерден Attar дөңгелектерімен шығады.

-->