Әртүрлі

Каспий теңізінің жағалауында 2 жасөспірім құтқарылды

Екі жасөспірім Каспий теңіз жағалауынан серфинг-таяқшасымен жағадан 1,5 шақырымға ағыспен алыстап кеткен, деп хабарлады Elorda.info Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

2006 және 2007 жылы туған екі жасөспірімді Маңғыстау облысының ТЖД Жедел құтқару жасағының құтқарушылары құтқарды.

-->

2006 және 2007 жылы туған екі жасөспірімді Маңғыстау облысының ТЖД Жедел құтқару жасағының құтқарушылары құтқарды.

Медициналық көмек қажет болған жоқ. Авариялық-құтқару жұмыстарына жедел құтқару жасағының құтқарушылары мен жүзу құралы жұмылдырылды. Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары!  Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар  департаменті  судағы қауіпсіздік ережесін сақтауға шақырады, - деп жазылған хабарламада.