Каспий теңізінің жағалауында 2 жасөспірім құтқарылды
23 шілде, 2023
Елорда ақпарат
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі сайтынан
Екі жасөспірім Каспий теңіз жағалауынан серфинг-таяқшасымен жағадан 1,5 шақырымға ағыспен алыстап кеткен, деп хабарлады Elorda.info Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
2006 және 2007 жылы туған екі жасөспірімді Маңғыстау облысының ТЖД Жедел құтқару жасағының құтқарушылары құтқарды.
Медициналық көмек қажет болған жоқ. Авариялық-құтқару жұмыстарына жедел құтқару жасағының құтқарушылары мен жүзу құралы жұмылдырылды. Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары! Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті судағы қауіпсіздік ережесін сақтауға шақырады, - деп жазылған хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 08:59
Демалыс күндері ауа райы қандай болады
22 қараша, 2024
Запасқа шығарылған ұландықтарға құрмет көрсетілді
22 қараша, 2024
Қазақстан туризм саласындағы жетістіктері мен жоспарларын таныстырды
22 қараша, 2024
«Жылдың үздік қоғам белсендісі» республикалық байқауына өтінім қабылдау жалғасып жатыр