Қарағандыда құмар ойыннан 32 млн теңге заңсыз пайда тапқан азамат сотталды
Қаржылық мониторинг агенттігі Қарағандыда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған азаматты анықтады, деп хабарлады Elorda.info.
Тергеу барысында күдіктінің «Покер» құмар ойынын өткізу үшін жергілікті мейрамханада үй-жайды жалға алғаны, арнайы ойын үстелдерін орнатқаны және ойын фишкалары мен карталарын сатып алғаны анықталды.
-->Тергеу барысында күдіктінің «Покер» құмар ойынын өткізу үшін жергілікті мейрамханада үй-жайды жалға алғаны, арнайы ойын үстелдерін орнатқаны және ойын фишкалары мен карталарын сатып алғаны анықталды.
«Банк шотына түскен қаражаттардың жалпы сомасы 32 миллион теңгеден асқан. Сот үкімімен аталған азамат кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 айға бас бостандығынан шартты түрде айыру жазасы тағайындалды», - деп көрсетті ведомствоның баспасөз қызметі.