Әртүрлі

Қарағанды облысындағы шахтада жарылыс: Кінәлілерге үкім шықты

Қарағанды облысы Шахтинск қалалық сотында Ленин атындағы шахтада метан жарылу фактісіне қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлады Elorda.info.

Сотқа дейінгі тергеу органы Л., А., Б., З. (бас инженер) абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін айыпталды.

Көтеріліп келе жатқан газды дренажды және дренажды ұңғымаларды бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде, тау жыныстарының бремсберг өндірісінен газ бен шаңның көп мөлшері шығуымен шекті нормадағы метанмен газдандыру орын алған. Одан әрі, ұшқынның пайда болуына байланысты метан газының жануы, содан кейін жарылыс болған.

Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

-->

«Жарылыс толқынының салдарынан бес шахтер сол жерде қайтыс болған, төрт шахтердің денсаулықтарына орташа және ауыр дәрежеде зиян келтірілген. Сот жоғарыда аталғандарды ескере отырып, Л.-ға – 5 жыл, А.-ға – 4 жыл, Б. мен З.-ға – 4 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», - делінген Шахтинск қалалық сотының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.