Әртүрлі

Қарағанды-Балқаш күрежолының алғашқы төрт жолағы ашылды

Астана мен Алматы қалаларын қосатын Орталық-Оңтүстік дәлізінің учаскелерінде қозғалыс ашып, жолды қолданысқа тапсыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Elorda.info

Бүгін Қарағанды-Балқаш күрежолының алғашқы төрт жолағы ашылды. Қарағанды қаласынан Ақбастау ауылына дейінгі аралықта жаңа асфальт төселіп, төрт жолақты жол толығымен ашылды. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тосқауыл қоршауы орнатылды.

-->

Қарағанды-Балқаш күрежолының жалпы ұзындығы 363 шақырым. Күрежол I санатқа ие және төрт жолақтан тұрады. Қайта құру жұмыстары аясында 11 көпір, ауыл шаруашылығы техникасының өтуіне арналған 32 жол өтпесі, көлік айрығы және теміржол арқылы өтетін жол өтпесінің құрылысы толық аяқталды. Бұл күрежол толығымен жаңа асфальтпен қамтылды, - делінген Көлік министрлігінің ақпаратында.