Әртүрлі

Қала күніне орай «Астана многоликая» атты ән-би фестивалі өтті

Бүгін елорда күніне орай «Жерұйық» саябағында қалалық ҚХА-ның ұйымдастыруымен «Астана многоликая» атты ән-би фестивалі өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Мұнда қалалық этномәдени бірлестіктерге қарасты шығармашылық ұжымдар және жас солистер өнер көрсетті. Олардың қатарында беларусь этномәдени орталығының өнерпаздары, Николай Литошко атындағы вокал ансамблі, «Радуга» вокал ансамблі,  «Дуслык» вокал ансамблі, «Вайнах» шешен-ингуш орталығы өнерпаздары және т.б бар.

Сондай –ақ қолданбалы өнер бойынша шеберлік сағаттары ұйымдастырылып, балалар арасындағы «Сүйікті Астанам!» атты сурет байқауының жеңімпаздары марапатталды. Оларға арнайы дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді. 

-->

Бүгінгі іс-шараның басты мақсаты - елорда тұрғындары мен қонақтарын қала күнімен құттықтау. Қалада 23 этнобірлестік болса, бүгін  солардың 18-і қатысып жатыр. Этнобірлестіктердің өкілдерінен құралған  50-ге тарта шығармашылық  ұжым бар. Сондай-ақ әр этноорталықиа тілдік курстар ашылған. «Діні басқа, тілі басқа, тілегі бір» бір шаңырақ астында жиналған, ынтымағы – ырысы, байлығы – берекесі, татулығы жарасқан ұлт пен ұлыс өкілдерінің, біздің елде бейбіт өмір сүріп жатқаны, олардың жүректеріне сенім, көңілдеріне қуаныш ұялатады. Бүгінгі іс-шара қала тұрғындары мен қонақтары мерекелік көңіл-күй сыйлайды, - деді елордадағы Достық үйінің режиссері  Зәмзәгүл Сағиева. 

Сондай –ақ қолданбалы өнер бойынша шеберлік сағаттары ұйымдастырылып, балалар арасындағы «Сүйікті Астанам!» атты сурет байқауының жеңімпаздары марапатталды. Оларға арнайы дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді. 

Мерекелік кеш қонақтарға тамаша көңіл- күй сыйлап қана қоймай, бірлік пен келісімнің, жақсы көңіл-күйдің айқын нышаны ретінде ерекше әсер қалдыратыны сөзсіз, деді З.Сағиева.