Әртүрлі

Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады

Астананың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қайрат Нұртастың Алматы-Астана бағытындағы ұшақта бұзақылық көрсеткеніне қатысты сот отырысы өтті, деп хабарлады Elorda.info ҚР Жоғарғы сотына сілтеме жасап.

Істің мән-жайынан белгілі болғандай, әнші ұшақ бортында танысымен сөзге келіп қалып, жанжал кезінде оның денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтірген. 

Қайрат Нұртас пен Асылбек Бекқайыров арасындағы бітімгершілікке келу туралы келісім бекітілді. Яғни Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабының 1-бөлігі бойынша іс жүргізу екі жақтың татуласуына байланысты тоқтатылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ. 

-->

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылсын және оған 15 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалсын. Әкімшілік қамаққа алу уақыты әкімшілік ұстау хаттамасында көрсетілген уақытты қоса 2024 жылдың 4 шілдесі сағат 23:50-ден бастап есептелсін, - деді сот. 

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.