Әртүрлі

Қабанбай батыр даңғылының учаскесі жөндеуге жабылады

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қонаев көшесінен Сығанақ көшесіне дейінгі учаскеде Қабанбай батыр даңғылы бойынша жұмыстарды тоқтата тұру туралы ескертілді, деп хабарлады Elorda.info қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

-->

Осы жылдың 24 мамырынан бастап аталған жол учаскесі ашылды. Алайда 28-30 мамыр аралығында Қабанбай батыр даңғылының Қонаев пен Сығанақ көшелерінің арасындағы учаскесі жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу үшін толығымен жабылады. Бұл ретте Қабанбай батыр/ Қонаев және Қабанбай батыр/Сығанақ қиылыстары ашылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұрайды, - деп жазылған хабарламада.