Әртүрлі

Қабанбай батыр даңғылы жабылды

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы «Жұлдыз»  айналымынан Мәңгілік Ел даңғылына дейінгі учаскеде Қабанбай батыр даңғылындағы жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

-->

10-15 шілде аралығында жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты жоғарыда аталған учаске ішінара жабылады. Бұл ретте қозғалыс екі бағытта да тараптардың бірі бойынша жүзеге асады. Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды, - деп жазылған әкімдік таратқан хабарламада.