ҰҚК жаңа ведомствоға қатысты мәлімдеме жасады
Ұлттық қауіпсіздік комитеті жаңа ведомствоға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
2025 жылғы 30 маусымда Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосылу арқылы қайта ұйымдастырылды. Жаңа ведомство – «ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі».
«Осыған байланысты комитетпен бірқатар ұйымдастырушылық, басқарушылық және практикалық іс-шаралары жүзеге асырылып жатыр. Құқықтар мен міндеттемелердің құқықтық мирасқорлығы рәсімдері аяқталғанға дейін қайта ұйымдастырылған ведомство бұрынғы режимде жұмыс істейтін болады», - делінген хабарламада.