Әртүрлі

Күзгі әскерге шақыру науқаны басталды

Бірінші қыркүйектен бастап азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырудың күзгі науқаны басталды, деп хабарлады Elorda.info Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Шақыру науқаны 31 желтоқсанға дейін жалғасады. Жергілікті атқарушы органдардың шақыру пункттерінде 195 қалалық және аудандық шақыру комиссиялары жұмыс істейді.

Барлық өңірде шақыру комиссияларын басқаратын облыстар, қалалар және аудандар әкімдері орынбасарларының басшылығымен шақыру және медициналық комиссия мүшелерімен нұсқау-әдістемелік сабақтар өткізілді.

Қазіргі уақытта әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке қою және шығару тұрғылықты жері өзгерген кезде автоматты түрде жүзеге асырылатынын білген жөн.

Сол сияқты жуырда шақыру учаскелеріне әскерге шақырылушыларды тіркеу туралы куәліктер беру және борышын өтемеген азаматтарға әскери билеттер беру процесі жойылады.

-->

Қазіргі кезде әскерге шақыру комиссияларының жұмысына сарбаздардың аналары мен қоғамдық комитет өкілдері қатысады.Биыл күзде барлығы 19 мыңнан астам адам әскерге алынады деп отыр. Қарулы күштер қатарына 8 мыңның үстінде, Ұлттық ұланға – 6 мың, ҰҚК Шекара қызметіне – 3 мың, Мемлекеттік күзет қызметіне және Төтенше жағдайлар министрлігіне 300 азамат шақырылады, - деп жазылған хабарламада.