Әртүрлі

ҰҚК әуежайда радикалды ұстады

22 желтоқсанда Алматы қаласының әуежайында ҰҚК шетелдік террористік орталықтарға шығуды жоспарлаған Қазақстан азаматын елімізден ұшып кету әрекеті кезінде ұстады, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

-->

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бұрын ол ұрлық, зорлау және кісі өлтіргені үшін сотталған.Бостандыққа шыққаннан кейін радикалды идеологияның ықпалына түсіп, террористік топтардың құрамына қосылу үшін Сириядағы соғыс аймағына бару туралы шешім қабылдаған. Сондай-ақ ол террористік әрекеттерді қаржыландырды деп күдіктелуде. Қылмыстық кодекстің 258-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, - деп жазылған  ҰҚК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.