ҰҚК шекара бұзған 36 шетелдікті ұстады
ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2024 жылғы тамызда құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып, 5 мыңға жуық құқық бұзу фактісін анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Шекара кеңістігінде Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзған 4 985 адам ұсталды. Оның ішінде 36 шетел азаматы шекараны бұзған және 48 шетел азаматы шекараны бұзуға әрекеттенген.
«Мемлекеттік шекара арқылы 1 746 заңсыз алып өту фактілерінің алды алынды. Соның ішінде: 48 – есірткі заттары;103 – ату қаруы мен оқ-дәрілер (11 түрлі мылтық пен тапанша, 99 бірлік суық қару, 464 оқ-дәрі);27– діни әдебиет (492 дана);664 – жалпы сомасы 108 млн теңгеден асатын жанар-жағар май материалдары (107 000 литрден астам);729 – жалпы сомасы 3,5 млрд теңгеден астам халық тұтыну тауарлары;175 – жалпы сомасы 1,6 млрд теңгеден астам валюта», - делінген хабарламада.
Алды алынған залал сомасы 19,4 млн теңгені құрайды.
Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.