Кәрім Мәсімовтің Астанадағы зәулім үйі сатылымға шықты
Қайтарылған активтерді басқару компаниясы елордадағы жылжымайтын мүлік аукционға шығарылғанын мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Компания мәліметінше, 2025 жылғы 25 ақпанда сағат 10:00-де E-Qazyna веб-платформасында электрондық сауда өткізіледі.
«Аукцион аясында Астана қаласы, Нұра ауданы, Қараөткел шағын ауданы, Ерейментау көшесі, 1-құрылыс мекенжайында орналасқан жертөлесі бар тұрғын үй сатылымға қойылады. Нысанды сату барлық қатысушы үшін тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін ашық және бәсекеге қабілетті шарттармен жүзеге асырылады», - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, үйдің фотосы ҰҚК 2022 жылы Кәрім Мәсімов қамауға алынғаннан кейін жарияланған кадрлармен сәйкес келеді.
Ғимараттың бастапқы бағасы - 1 883 338 958 (1,8 млрд) теңге.
Аукцион бағаны көтеру форматында өтеді.