Әртүрлі

Көпке танымал түрік актері сотталып кетті

«Мың бір түн» телехикасында басты кейіпкер Онур Аксалдың рөлін сомдаған Халит Ергенч жалған куәлік бергені үшін шартты түрде 1 жыл 10 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады Elordainfo.kz Anadolu басылымына сілтеме жасап.

Алғашында актер іске  куәгер ретінде шақырылса, кейін жалған ақпарат бергені үшін күдікке ілінген.

Негізінен сот Халит Ергенчке екі жыл, үш ай тағайындаған. Алайда сот процесі кезіндегі оның жақсы әдебі ескеріліп, жаза жеңілдетілді.

Айта кетейік, бұл іс 2013 жылы Ыстамбұлда гези саябағында өткен жаппай наразылықтарға байланысты қозғалған. Алғашында бұл экологиялық акция ретінде басталған. Кейін ол ауқымды үкіметке қарсы толқуларға ұласқан.