Әртүрлі

Кәмелетке толмаған 29 бала есірткі қылмысын жасады – ІІМ

Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрлігінде өткен баспасөз брифингінде ведомство өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты, деп хабарлады Elorda.info.

 

-->

 

2020 жылы кәмелетке толмағандар 15 есірткі қылмысын жасаса, оның 5-і сату фактісіне қатысты, ал 2021 жылы бұл көрсеткіш 26 фактіге өскен, оның 10-ы сату фактісі. 2022 жылы кәмелетке толмағандар 25 есірткі құқық бұзушылығын жасаған, олардың жартысы (12 факт) – есірткіні сатуға қатысу. Биыл қылмыстық іс жүргізуге 29 кәмелетке толмаған бала тартылды, оның ішінде 13 колледж студенті,  жоғарғы оқу орындарының 3 студенті және 6 оқушы бар. Мұндай жағдайларды болдырмау үшін оқу орындарының оқытушылары полиция қызметкерлерімен тығыз байланыста болу керек. Жасөспірімдерді есірткіні тұтынудың құқықтық салдары мен зияны туралы хабардар етуден басқа, білім беру мекемелерінде есірткіні тарату және қолдануды болдырмауға мұқият назар аудару қажет, - деді ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек.