Көктайғақ, жел және тұман: Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде боран соғып, қар жауады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Қазгидрометтің» мәлімдеуінше, еліміздің батысы мен оңтүстігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Сондай-ақ бүкіл республика бойынша көктайғақ, желдің күшеюі және тұман күтіледі.
Температура фоны тұрақты болып қалады, күрт өзгерістер болжанбайды.