Әртүрлі

ҰҚК Алматы облысында тағы бір есірткі зертханасын анықтады

Алматы облысында астыртын зертханадан 15 келі есірткі тәркіленді, деп хабарлады Elordainfo.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күдікті психотроптық заттарды дайындау барысында қолға түскен.

Тінту барысында 15 келіден аса «альфа-PVP» есірткі құралы мен кристалдану сатысындағы осы заттың 70 литрі, сондай-ақ 200 литр прекурсорлар мен зертханалық жабдықтар тәркіленген. Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.

Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.