Әртүрлі

«Әйелді ұрып тәрбиелей алмайсың»: Сара Тоқтамысова тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты ойын айтты

Айтыскер ақын Сара Тоқтамысова Instagram желісіндегі парақшасында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты ойымен бөлісті, деп хабарлады Elorda.info.

Сара Тоқтамысова ер-азаматтарға ұрып-соғу арқылы әйелді тәрбиелей алмайсыз деген ойын айтты. Мұндай әрекет арқылы ерлер қауымы өзінің құнын түсіреді деп санайды.

Сонымен қатар ақын кінә екі жақтан болатынын ескертіп,  әйелдерге жолдасын босқа қаралаудың қажеті жоқ екенін жеткізді.

-->

Сара Тоқтамысова ер-азаматтарға ұрып-соғу арқылы әйелді тәрбиелей алмайсыз деген ойын айтты. Мұндай әрекет арқылы ерлер қауымы өзінің құнын түсіреді деп санайды.

«Мен зорлық-зомбылық, ұрып-соғу дегенге түбегейлі қарсымын. «Қарсы емеспін» дейтін әйел жоқ шығар. Қисық қабырғаңнан жаратылған жанды өз әлеміңе сай етіп түзеп алам деу ең ақымақ еркектің қағидасы. Оны ұрып-соғып тәрбиелей алмайсың. Егер әйелің көзіңе жын боп көрінсе, басқа жолын тап. Одан ба босата сал. Ұрып-соғып, әке-шешесінен боқтап жөнге салу деген бос әурешілік. Әйелге қолын тигізіп, әке-шешесінен боқтаған күні еркек өзінің «еркек» деген құнын түсіріп алады. Осыны ойлаңдар, азаматтар», - деп жазды ол.

Сонымен қатар ақын кінә екі жақтан болатынын ескертіп,  әйелдерге жолдасын босқа қаралаудың қажеті жоқ екенін жеткізді.

«Қазақстанда заң шықты екен деп пәлен жыл отасқан күйеулерін халық жауы құсатып ұстап беріп жатқан әйелдер де шығып жатыр. Біздің, әйелдердің, тіліміз өте ұзын. «Қой» дегенде қоя салмай кей жігіттің тілін шығарамыз. Сондықтан болған жайтты жұртқа жайып, жөнсіз-жобасыз күйеуіне қара күйені жағып, өзі сүттен ақ, судан таза болатын әйелдерді Құдай кешірсін. Ешқашан тек бір жақ кінәлі болмайды, соны сарапқа салып ойлану керек деп ойлаймын. Біреудің өміріне араласып, пікір жазып уақытыңды бос кетірмей, өзіңмен айналыс,өзіңе арна уақытты», - деп қорытындылады ол.