Әртүрлі

Әйел адам білімді болуы керек – Светлана Айтпаева

Белгілі әнші, Қазақстанның Мәдениет қайраткері Светлана Айтпаева нәзікжандыларды төл мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Elorda.info.

Өнер иесі 21 ғасырдағы әйел заты ұлттық болмысын жоғалтпаған әрі көзі ашық, көкірегі ояу, білімді болуы қажет деген пікірін айтты.

Мәдениет қайраткері, көктем – әсіресе наурыз айы мерекелі де берекелі өте ерекше уақыт екенін айтады.

-->

Әйел заты қай заманда болмасын ең алдымен өзінің адамдық қасиеттерін жоғалтпауы керек. Ол – оның ұяты, тәрбиесі, ибалылығы. Бастысы әйел адам білімді болуы қажет. «Ел боламын десең бесігіңді түзе» деген сөз тек  бесікке, бала тәрбиесіне, қатысты айтылмаған. Ұрпақ саналы, тәрбиелі, білімді болсын  десеңіз, әуелі оның анасы білімді болуы керек. Егер анасы түзелсе ғана ұрпақ түзеледі. Саналы әрі білімді ұрпағы бар елдің ғана ертеңі жарқын болады емес пе? - дейді өнер иесі.

Мәдениет қайраткері, көктем – әсіресе наурыз айы мерекелі де берекелі өте ерекше уақыт екенін айтады.

Алда келе жатқан 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен барлық аруларды, аналарымызды, апа-әжелерді, шын жүректен құттықтаймын. Көктем – әсіресе наурыз айы өте ерекше уақыт. Наурыздың 1-ші күнінен бастап адамның жаның шуаққа бөлейтін мерекелер басталады. Мәселен, Алғыс айту күні, Әйелдер мейрамы, әз-Наурыз мерекесі. Әрбір күнді, әрбір сәтті қуана қарсы аламыз. Ең алдымен, әрбір әйел заты бақытты болса екен деп тілеймін. Көңілде алаңы мен уайымы жоқ болсын. Ал жүрегі қуанышқа, шаттықа толы болса екен деймін. Ешбір ананың баласы ауырмасын. Балаларының денсаулығын уайымдап жыламасын. Бастысы  әйел адамдарға жандары жадырап, әрқашан жақсылық пен қуаныш қызықтың ортасынд махаббат пен ілтипатқа,  ерекше қошеметке бөленіп жүре беруін тілеймін, - деді ол.