Әртүрлі

Халықаралық іздеуде жүрген алматылық есепші грек аралында ұсталды

Грекия аумағында орналасқан Хиос аралында Қазақстан ІІМ Интерполы шетелдік әріптестерімен өзара іс-қимыл нәтижесінде халықаралық іздеу жарияланған алаяқты ұстады, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

2021 жылы Алматыдағы ЖШС-нің бірінде бухгалтер болып жұмыс істеген әйел өзінің жеке шотына 230 мың АҚШ доллары мөлшерінде қаражатты заңсыз аударған.

Қазіргі уақытта ұсталған адамды Қазақстанға беру туралы мәселе шешіліп жатыр.