Әртүрлі

IT ТERGEU жобасы: Қызылорда облысында хабарсыз кеткен 51 адам бір тәулікте табылды

Қызылорда облысының прокуратурасы жасанды интеллект мүмкіндіктерін сот-тергеу тәжірибесінде қолдану үшін IT ТERGEU жобасын жүзеге асырып жатыр. Соның нәтижесінде, 130-дан астам қылмыс ашылып, хабарсыз кеткен 51 адам бір тәуліктің ішінде табылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Облыстағы интернет алаяқтық қылмыстарды дер кезінде ашу мен сапалы тергеп-тексеруді жүзеге асыру үшін «Киберпол» тобы құрылған. Оның құрамында тәжірибелі прокурорлар мен полиция қызметкерлері бар. 

«Жоба аясында жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдаланып,  496 қылмыстық іс бойынша 689 ұялы телефон нөмірлері тексерілді. Нәтижесінде 200 млн теңгеден астам залал келтірген 134 қылмыс ашылып, 62 қылмыскер құрықталды. Бұдан бөлек хабар-ошарсыз жоғалған 51 адам тәулік ішінде табылды. Жыл басынан бері 772 алаяқтық қылмыстар тіркеліп, 375 сотқа жолданды. Бүгінгі таңда алаяқтардан 439 млн теңге өндірілді» , - деді Қызылорда облысының прокуратурасы.